Украинадағы соғыстан 2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 21 мамырына дейін 8 895 бейбіт тұрғын қаза тапты, ал зардап шеккен тұрғындар саны – 15 117, деп хабарлайды Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы.
Оның мәліметінше, Ресей басқыншылығынан 4040 ер, 2403 әйел, 275 ұл, 218 қыз қаза тапқан. Тағы 30 бала мен 1929 ересек адамның кім екені әлі анықталған жоқ.
Украинада соғыс басталғалы бері зардап шеккен бейбіт тұрғындардың жалпы саны 15 117 адам, оның 445-і ұл, 314-і қыз, 276-сы кім екені анықталмаған басқа балалар.
15 мамыр деректері бойынша:
"Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының кеңсесі бейбіт тұрғындардың өлімі немесе жарақаттануының нақты саны әлдеқайда көп деп санайды, өйткені оқиға орнынан түскен көптеген хабар әлі де қосымша растауды қажет етеді, ал шайқас жүріп жатқан кейбір аудандардағы ақпарат кейінге қалдырылған", - делінген құжатта.
Осылайша, БҰҰ Ресей басып алған Мариуполь, Лисичанск, Попасна және Северодонецктегі бейбіт тұрғындардың саны туралы нақты ақпарат әлі алған жоқ.