- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҰҰ Украинада соғыс...
БҰҰ Украинада соғыс басталғаннан бері қанша бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді
Украинадағы соғыстан 2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 21 мамырына дейін 8 895 бейбіт тұрғын қаза тапты, ал зардап шеккен тұрғындар саны – 15 117, деп хабарлайды Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы.
Оның мәліметінше, Ресей басқыншылығынан 4040 ер, 2403 әйел, 275 ұл, 218 қыз қаза тапқан. Тағы 30 бала мен 1929 ересек адамның кім екені әлі анықталған жоқ.
Украинада соғыс басталғалы бері зардап шеккен бейбіт тұрғындардың жалпы саны 15 117 адам, оның 445-і ұл, 314-і қыз, 276-сы кім екені анықталмаған басқа балалар.
15 мамыр деректері бойынша:
- Үкімет бақылайтын аумақта 19 324 адам (6 910 адам қайтыс болып, 12 414 адам жарақат алған);
- Донецк және Луганск облыстарында: 9 766 адамы (4 051 қаза тауып, 5 715 жараланған);
- Басқа аймақтарда: 9558 адам (2859 қаза тауып, 6699 жаралаған).
- Ресей Федерациясы жаулап алған аумақта 4688 адам (1985 қаза тауып және 2703 жараланған):
- Донецк және Луганск облыстарында: 3154 адам (705 қаза тауып, 2449 жараланған);
- Басқа аймақтарда: 1486 адам (1242 қаза тауып, 244 жараланған).
"Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының кеңсесі бейбіт тұрғындардың өлімі немесе жарақаттануының нақты саны әлдеқайда көп деп санайды, өйткені оқиға орнынан түскен көптеген хабар әлі де қосымша растауды қажет етеді, ал шайқас жүріп жатқан кейбір аудандардағы ақпарат кейінге қалдырылған", - делінген құжатта.
Осылайша, БҰҰ Ресей басып алған Мариуполь, Лисичанск, Попасна және Северодонецктегі бейбіт тұрғындардың саны туралы нақты ақпарат әлі алған жоқ.
Т. Раушанұлы