- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҰҰ: Соңғы 10...
БҰҰ: Соңғы 10 жылда балаларға 170 мыңнан аса қылмыс жасалған
ЮНИСЕФ биылғы және он жылдықты қорытындылап, 2010 жылдан бері балаларға 170 мыңнан аса қылмыс жасалған (орта есеппен күніне 45 рет) деп мәлімдеді. Дерек БҰҰ сайтында жарияланды.
Бұл бұдан алдыңғы он жылға қарағанда үш есе көп көрсеткіш. 170 мың – тек БҰҰ тіркеген қылмыс саны, дәлме-дәл цифрлар бұдан да көп болуы мүмкін.
"Балалар соғыстың құрбанына айналды. Олар бір жерден бір жерге көшіп қонуға мәжбүр. 1989 жылы қабылданған балалар құқығы конвенциясынан кейінгі қарулы қақтығыстар саны қазір шегіне жетті. Соның әсерінен кәмелет жасына толмаған балалар зардап шегіп жатыр. Соғысушы тараптар балаларды қорғау деген соғыстың ең басты ережесін бұзып жатыр", - дейді ЮНИСЕФ директоры Генриетта Фор.
Оның айтуынша, барлық қылмыс бірдей қоғамның назарына ілікпейді.
2018 жылы БҰҰ балалар құқығын бұзған 24 мың фактіні тіркеген. Оның ішінде адам өлтіру, жаралау, жыныстық зорлық, адам ұрлау, гуманитар мүмкіндіктен айыру, мектеп пен ауруханаға шабуыл сияқты қылмыстар бар.
Статистика бойынша соңғы бес жылда Қазақстанда 5 мыңға жуық бала жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған. Жыл басынан бері педофилдердің жазасын қатаңдатуға арналған заң жобасы дайындалып, 30 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев педофилдерді бас бостандығынан мәңгі айыратын заң қабылданды.
Жаңа заң бойынша зорлау орташа ауырдан ауыр қылмыс қатарына ауыстырылады. Бұл бап бойынша тараптардың ымыраласуына жол берілмейді. Балаларға қатысты жасалған зорлау қылмысы аса ауыр қылмыс деп танылады. 14 жасқа дейінгі балаларды зорлағандарға 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Балалардың мамандандырылған мекемелерінде тәрбиеленушілерге қатысты жыныстық зорлық жасалғанын жасырған қызметкерлер мен басшыларға қатысты жаза да қатаяды. Зорланған балалардың ата-анасы мен қамқоршыларына да осындай жауапкершілік қарастырылады.
Massaget