Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде осы тақырып талқыланды.
Естеріңізде болса, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 70-сессиясында Мемлекет басшысы алып құрылымның штаб-пәтерін Азияға көшіру туралы ұсыныс жасаған еді. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов жауапкершілігі мол бұл жүкті Қазақстан көтере алатынын алға тартты. Оның айтуынша, еліміздің қашан да ұстанатын қағидаты – бітімгерлік.
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Нұрсұлтан Назарбаев жаңа болашақ деген бағдарлама қажеттілігін айтты. Оның барлығы жай ғана ұсыныс емес. Оның барлығының терең маңызы бар. Осыны орындау арқылы біз дүниежүзін өркениетке жеткізе аламыз.
Владимир Тельнов, Еуразиялық ықпалдастық институты қазіргі еуразиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі:
- Женевада БҰҰ құрылған кезде АҚШ бірден көшбасшылық рөлді өзіне алды. Өйткені соғыстан кейінгі жылдары Америка экономикасы қарыштап дамыды. Ал қазіргі уақытта алып қарасақ, әлемдік экономиканың тізгіні ақырындап Азияға ауып келеді.
Дереккөз: 24.kz