Украинадағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр. Әсіресе Донбасстағы ахуал күрделі. Massaget.kz тілшісі кейінгі тәуліктегі Украинадағы жағдайға шолу жасады.
Зеленский майдандағы ең қиын нүктені атады
"Алдыңғы қатардағы жағдай әлі де қиын. Әсіресе Донбасста - Бахмут бағыты және оңтүстікте кейбір бағыттарда. Бірақ өз ұстанымымызды сақтаймыз", - деді Украина президенті Владимир Зеленский кешкі бейнеүндеуінде.
Зеленский Кахов су электр станциясындағы жарылыс салдарын айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапы Кахов су электр станциясының бөгетіне соққы жасағанын айтты.
"Бұл - ірі энергетикалық нысандардың бірі. Кахов су электр станциясының бөгеттері шамамен 18 миллион текше метр суды сақтайды. Бұл бөгет жарылса, онда Херсонды қосқанда 80-нен аса елді мекенді су басады. Бұл Запорожье атом станциясын салқындату үшін сусыз қалдыруы мүмкін, өйткені ЗАЭС суды Кахов су қоймасынан алады", - деп ескертті Владимир Зеленский бейнеүндеуінде.
Ақ үй Иранның Ресей Федерациясы мен Украина соғысына қатысқанын растады
Журналист Кэйтлин Дорнбостың Twitter-парақшасындағы мәліметтер бойынша, Ресей Украинаға соққы беру үшін ирандық дрондарды пайдаланады, ал Қырым аумағында Ресей әскери күштеріне көмектескен Иран мамандары болған. Бұл туралы Ақ үйдегі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби мәлімдеді.
Кирби Ресейдің Украинаның барлық аумағында ирандық дрондарды қолданатынын айтқан. Ал ирандық нұсқаушылар камикадзе дрондарын ұшыруға техникалық қолдау көрсетеді.
БҰҰ Украинаға миналанған аумақтарды тазартуға көмектеседі
БҰҰ жобаларға қызмет көрсету басқармасы Украинаға аумақтарды минадан тазарту үшін қажет техниканы жібереді. Бұл туралы Украинаның уақытша басып алынған аумақтарын қайта біріктіру министрлігі хабарлады.
Норвегия баспана іздеген орыстарға шекараны жауып тастады
Норвегияның иммиграциялық басқармасы 300-ге жуық Ресей азаматының баспана алуға өтініштерін қарауды тоқтатты. Норвегия оларға жеке процедура әзірлеуге ниетті. Бұл туралы TV2 телеарнасы хабарлады.
Норвегия иммиграциялық басқармасының мәліметі бойынша, қыркүйектің соңына дейін 244 ресейлік баспана алу үшін елге келген. Норвегия тарапы ресейліктерге баспана бермеуге және Еуропа Одағы осы бағытта бірыңғай шешім шығарғанда, күтуді ұйғарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!