БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қатысты құжатты қабылдамады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қатысты құжатты қабылдамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты бірлескен іс-қимыл жоспарын ұзарту туралы қарардың жобасын қабылдамады.

Бұл құжатты Ресей мен Қытай әзірлеген болатын. Қарар жобасын екі мемлекет қолдап, тоғызы қарсы шықты. 2015 жылы қабылданған бұл келісім Иранның ядролық бағдарламасына шектеу мен халықаралық санкцияларды алып тастауды көздейді. Құжаттың мерзімі қазанда аяқталуға тиіс.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!