Бүкіләлемдік Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблясының жаңа бас хатшысы тағайындалды. Осы уақытқа дейін Пан Ги Мунның хатшылығымен келген БҰҰ-ның ендігі жаңа хатшысы Португалияның бұрынғы үкімет басшысы – Антониу Гутерриш.
Құжатта көрсетілген мерзім бойынша, Гутерриш 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұйымды басқарады.
БҰҰ – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған ұйым. Құрамында кезіндегі КСРО және АҚШ, Қытай мен Ұлыбритания болған. Бұл елдердің ықпалымен осы ұйым бүкіләлемдік деңгейде құрылған. Ең басты мақсаты әлемде бейбітшілікті сақтау.