3 тамызда таңертең БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш жұмыс сапарымен Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оны Алматы әуежайында премьер-министрінің орынбасары –ссыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча қарсы алды.
Еске салайық, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерришті елге шақырған еді.
"Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!