- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҰҰ Бас Ассамблеясы...
БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинаға шығынды өтеу резолюциясын қабылдады: Қазақстан қалыс қалды
Қазақстан соғыс қимылдары салдарынан Украинаға келтірілген шығынды өтеу туралы қарарға дауыс беруден қалыс қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Резолюцияны БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдады, оны 94 мемлекет қолдап, 14 мемлекет қарсы болды, ал 73 мемлекет қалыс қалды, қалыс қалғандардың ішінде Қазақстан да бар.
Құжатта халықаралық механизм құру қарастырылған, сонымен қатар, Ресей Федерациясының халықаралық құқықты бұзған әрекеттері салдарынан барлық мүдделі тұлғаға, сондай-ақ, Украина мемлекетіне келтірілген залалдың дәлелдерін тіркеу үшін халықаралық тізілім құру ұсынылады. Авторлардың айтуынша, Ресей Федерациясы жауапқа тартылуы керек.
Генассамблея ООН приняла резолюцию, предусматривающую возмещение Украине ущерба, нанесенного российским вторжением. Ее поддержали 94 страны, против выступили 13 и 73 страны воздержались. https://t.co/BSMGN8U8RL pic.twitter.com/Ll2GgF1AFQ
— Служба новостей ООН (@UN_News_RU) November 14, 2022
Еске салайық, осыған ұқсас резолюцияны БҰҰ Бас Ассамблеясы наурызда қабылдаған еді. Сол кезде де Қазақстан дауыс беруден қалыс қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек