Бүтін бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуы: полиция мәлімдеме жасады

Атырау облысында жоғалған отбасы әлі де іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.

"Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қарашада өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Олардың жүрген жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажет шараны қабылдап жатыр. Басқа өңірлердің полиция қызметкерлері де бағдарланды. Қолда бар мәліметке сәйкес ерлі-зайыпты мен олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік өңірлеріне бағыт алуы мүмкін", - деді Атырау облысы ПД өкілі.

Жоғалған жандар туралы қандай да бір ақпаратқа ие азаматтардан құқық қорғау органдарына мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралды: 98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 00 12.

Атырау облысы ПД

Сондай-ақ, аймақ полициясы азаматтарды жалған ақпарат пен қауесет таратпауға шақырды. Ресми мәліметке сәйкес қазір барлық нұсқа қарастырылып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!