- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бүтін бір отбасы...
Бүтін бір отбасы қаза тапқан жол апатына кінәлі - марқұмдардың туысы болып шыққан
Ақтөбеде бүтін бір отбасы қаза тапқан жол көлік апатына қатысты сот басталды. 28 жастағы сотталушы да марқұмдардың ет жақыны, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға осыдан бір ай шамасында болған еді.
"ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, яғни көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін айыпталған", – дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Әлия Тілеуова.
Еске салайық, Фольксваген тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші Қобда ауданындағы Әлия ауылының маңында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Мерседес жүк көлігімен соқтығысқан. Салонда жүргізушінің анасы мен өгей әкесі, ағасының екі баласы мен туған бауыры болыпты. Олар оқиға орнында қаза тапты. Жақындарынан айырылған сотталушы бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Апаттан өзі де ауыр жарақат алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина