Полиция Ақтөбеде адамдар кепілге алынған оқиғаға қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 қаңтарда сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде адамдар кепілге алынғаны туралы хабарлама түскен.
"Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда күдіктімен бұрын таныс болған бір әйел кепілге алынғаны белгілі болды. Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң шабуыл жасау туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.
Ақтөбеде кеше кешкі сағат 20.00-де 102 пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды.
Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!