Танымал әнші Мадина Садуақасова күйеуімен бірге табиғат аясындағы демалысқа шығып, "антигламур" саяхаттың кемшін тұстары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Осы жолы күйеуімнің жанында болайын деп шештім, онымен бірге балыққа шықпайтынмын. Негізі демалысқа барлық жағдай жасалған... Шынымды айтсам, баяғыдай айдалаға барып, шатырда, масаға таланып, әбіржігім келмейді", - деп жазды ол.
Әншінің өзіне ғана емес, баласы мен күйеуіне де демалысм ұнап жатқан сияқты.
"Бұл сапар "антигламур" болды. Әнуар да ерекше қуанышты.Ол әкесімен балыққа жиі баратын. Ыстықта, суықта, аязда, палаткада, қамыстың ортасында. Ал мына жер керемет екен, барлық жағдайы жасалған", - деді өнер иесі отбасылық демалыстан суреттерін жүктеп.
Сонымен қатар, Мадина Садуақасова 11 келі ірі балық ұстағанының құрметіне әлеуметтік желідегі оқырмандарына арнайы сыйлық беретінін хабарлады.
"Еріңнің ебін тапсаң , көңілің орнына түседі … Балық аулауды жақсы көреді Олжас, осы жолы еріп бардым балыққа, көрейін дедім. Өзіме де ұнады. Олжас өте бақытты болып жүр. Осы керек болыпты оған. Шын бақытты сезіну үшін, көп нәрсе керек емес екен. Менің бүгін ұстаған 11 кг балығымның құрметіне 3 рет 5К! Сіздер қандай балық ұстап көрдіңіз?", - деп жазды әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!