ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және пара беру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге ақпараттық қызмет көрсету кезінде "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақы бергені анықталды.
28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізген. Осы кезде 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара беру кезінде бірнеше адам ұсталған. Олар:
"Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 млн теңге көлеміндегі ақша тәркіленді. 30 маусымда сот санкциясымен А.Сарбасовқа, Р.Омаровқа және Д.Арғандықовқа 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бұрынғы вице-министр ұсталғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!