- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұрынғы вице-министр Тимур...
Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевтың үкімі қайта қаралды
Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа шыққан үкім қайта қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Іс жазасын өтеу мекемені өзгертуді сұраған прокурордың апелляциялық өтініші бойынша, сондай-ақ сотталған мен оның қорғаушыларының оның кінәсіздігі туралы дәлелдері көрсетілген апелляциялық шағымдары бойынша қайта қаралды.
"Сотталғанның қылмыс жасаудағы кінәсінің дәлелденгеніне сәйкес, Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен үкімнің күшін жоюға негіз болған жоқ. Сот үкімі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны төменгі қауіпсіздіктен орташаға қауіпсіздікте өтеу бөлігінде өзгертілді", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан