Бұрын қолданыста болған уақыт белдеулерін қайтару туралы өтінішті қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысында алдын ала шешім қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұмыс тобының төрағасы, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың айтуынша, алдын ала шешімге сәйкес, петиция қабылданбаған.
"Біз сіз берген петицияны қарастырамыз. Соңғы бір жарым айдағы уақыт белдеуін ауыстыру электр энергиясын тұтынуға және халықтың денсаулығына әсер етті деген барлық деректер дәлелденбеді. Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректермен жұмыс істеп жатқанын айтты және статистика республикалық маңызы бар 12 облыста және үш қалада сағат аудару халықтың әл-ауқатына әсер еткенін растамады", - деді Балықбаев.
Оның айтуынша, уақыт белдеуін ауыстыру кезінде халықаралық зерттеулерге талдау жасалған.
Уақыт белдеуінің өзгеруі жасөспірімдерге қауіпті - АҚШ-тың жетекші хронобиологы
Естке салайық, биыл 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!