- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұрынғы Рим Папасы...
Бұрынғы Рим Папасы XVI Бенедикт қайтыс болды
Бұрынғы Рим Папасы XVI Бенедикт қайтыс болды. Бұл туралы Қасиетті Тақтың баспасөз қызметінің жетекшісі Маттео Бруни мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Папа 95 жаста еді. Өмірінің соңғы жылдарында ол Ватикан бақтарында Mater Ecclesiae-тің шағын монастырінде тұрды.
"Бүгін сағат 09:34-те Ватикандағы Mater Ecclesiae монастырінде Рим Папасы құрметті XVI Бенедикт қайтыс болғанын қайғы-қасіретпен хабарлаймын", - деп жазған ол.
“With sorrow I inform you that the Pope Emeritus, Benedict XVI, passed away today at 9:34 in the Mater Ecclesiae Monastery in the Vatican.
— Vatican News (@VaticanNews) December 31, 2022
Further information will be provided as soon as possible.” pic.twitter.com/O5dxoPaVkT
Еске салайық, XVI Бенедикт(Жозеф Ратцингер, Мюнхеннің бұрынғы архиепископы) 2013 жылғы 11 ақпанда тақтан бас тартқанын мәлімдеді. Оған денсаулығының нашар бол бастағаны мен жасының ұлғайғаны себеп болған.
XVI Бенедикттің тақтан бас тартуы Ватикандағы бірнеше ғасырдағы бірінші оқиға. 1415 жылы Констанс Кеңесі Рим Папасы XII Григорийдің отставкасын қабылдады, ал бұрын өз еркімен тақтан бас тартқан жалғыз папа V Целестин болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек