- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұрынғы полицей бала...
Бұрынғы полицей бала зорлады деген күдікке ілінді: жаңа мәліметтер белгілі болды
Ақтөбе облысының полиция департаменті кішкентай қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген бұрынғы полицейдің ісіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамырда облыс тұрғыны медициналық мекемеге үш жасар балада жыныстық зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын тексеруді сұрап хабарласқан.
"Осы өтініш бойынша жедел-тергеу тобының жедел шықты. Қылмыстық іс тіркелді, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалды және жүргізілді. Сот сарапшысының алдын ала деректері бойынша, кішкентай баланың жыныс мүшелерінде жарақат жоқ", - деді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.
Ақтөбе облысының полиция департаментінің тергеу басқармасы барлық мән-жайды жан-жақты тексеріп жатыр.
"Барлық тергеу іс-шарасына процессуалдық прокурор жұмылдырылған. Тергеу барысы полиция департаментінің бастығының ерекше бақылауында", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан