Бұрынғы министр жұмыссыз қалмайды - ТЖМ

Бұрынғы министр жұмыссыз қалмайды - ТЖМ
Фото: Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов бұрынғы министр Сырым Шәріпханов жұмыссыз қалмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ол (экс-министр Сырым Шәріпханов - еск.) назардан тыс қалған жоқ. Онымен басында сөйлестік. Әртүрлі ұсыныс болды. Бірақ ол өзінің денсаулығын, отбасы жағдайын дұрыстап алған соң, бір айдың ішінде шешім қабылдайтынын айтты. Дегенмен біз жақтан оған барлық ұсыныс жасалды", - деді Шыңғыс Әрінов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр Сырым Шәріпхановқа нақты қандай қызмет ұсынылғанын нақтыламады.

Айта кетейік, Сырым Шәріпханов 2023 жылғы 10 маусымда төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалған еді. Ол министрлікті биыл ақпанға дейін басқарды.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz