Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұны Антикордың баспасөз қызметі растады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ерлан Қожағапанов Астана әкімінің орынбасары, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болды.
Сонымен бірге ҚР Премьер-министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Алматы әкімінің бірінші орынбасары болды.
Ол 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін Премьер-министрі кеңесшісі қызметін атқарған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!