Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев оны Қауіпсіздік Кеңесі аппараты басшысының орынбасары етіп тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Руслан Жақсылықов туралы не белгілі?
Жақсылықов И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді.
- 1996–2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары - штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі кызметтер атқарды.
- 2006–2007 - ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.
- 2007–2008 - Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.
- 4 қыркүйек 2008 жылы - ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы.
- 22 қаңтар 2013 - ІІМ Ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.
- 2014 - генерал-лейтенант атағын алып, Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы міндетін атқарды.
- 2022 жылғы 19 қаңтарда Президент жарлығымен Қорғаныс министрі болып тағайындалды.[2] 2025 жылғы 8 маусымда қызметінен босатылды.
- 2025 жылғы 30 маусымда қайтадан пайда болған лауазым - Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz