Бұрынғы қорғаныс министрі Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы қорғаныс министрі Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 8 маусымда Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget