Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бұрынғы лауазымды өкілдері сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қонаев қаласының соты №57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы П.Писарев және №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Е. Бөлекбайға пара алу ісі бойынша үкім шығарды.
"Олардың жазасын өтеп жүрген сотталғандарға қамқорлық көрсеткені және тыйым салынған заттарды бірнеше рет кедергісіз өткізгені үшін пара алғаны дәлелденді", - деп жазылған хабарламада.
П.Писарев кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сотталушы Е.Бөлекбай келтірілген 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіз мекемесінде өтейді.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстанда пара алған шенеунік бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!