Бұрынғы казино Алматы облысы әкімдігіне айналған. Ғимараттың іші қандай?

Бұрынғы казино Алматы облысы әкімдігіне айналған. Ғимараттың іші қандай?

Былтыр жыл соңында Алматы облысы әкімшілігі Қонаевтағы (бұрынғы Қапшағай - еск.) бұрынғы казино ғимаратына көшірілді. Бұған дейін әкімдік бұрынғы ойын үйі ғимаратында жұмыс істейтіні жоққа шығарылған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кіреберісте аяқкиім тазартуға арналған арнайы құрылғы орнатылған. Мұндай құрылғылар Алматы әкімдігінде де жоқ.

Қазір кіреберісте турникет орнатылған. Облыстық әкімшіліктің кіреберісінде қатаң рұқсаттама бойынша ғана ішке кіруге мүмкіндік бар. Полиция қызметкері келушілерді арнайы журналға жазады.

Кіреберіс

Ішкі жағынан көрініс

Ғимарат бұған дейін бірнеше жыл бойы бос тұрған екен. Мұнда бір кездері Royal Plaza казиносы болған. Бір кездері осы залдарда рулетка айналып, покер мен блэкджек таратылып, шампан құйылған.

Бұл залда бір кездері түнгі клуб болған. Ол қазір демонстрация залы ретінде қызмет етеді.

Ғимаратта дәретханаға оңай түсу үшін эскалатор бар.

Әкімдіктің негізгі басқармалары бірінші қабатта орналасқан. Олар бір-бірінен әйнек бөліктермен оқшауланған.

Үлкен, сәнді люстралар келушілердің назарын бірден аударады. Бұл "мұра" бұрынғы иелерінен қалған болуы мүмкін. Ғимаратта күндіз де жарық жанып тұрады. Мұның да өз себебі бар.

Бұл казиноның айласының бірі болып шыққан: ойыншылардың ойын үстелінде қанша уақыт өткізгенін білмеуі және күннің қай уақытын білмеуі үшін мұнда терезелер мен сағаттар жоқ.

Бірінші қабаттағы еден мәрмәр плиткалармен қапталған. Ондағы шеңбер тәрізді суреттер де бекер емес. Ойын фишкалары осылай көрінеді.

Казинода әдетте ауқатты адамдар ойнайды. Шетелдіктер де жиі келеді. Мұндай мекемелерде Алматыда жұмыс істейтін, тұратын Түркия, Корея және Қытай азаматтарын кездестіруге болады.

Казиноға келушілер қолма-қол ақшаны осы терезеден ойын фишкаларына айырбастайтын болған. Қазір мұнда әкімдікке келушілерге арналған рұқсатнама бюросы орналасқан.

Суреттер © Айнаш Ондирис

Ғимаратта 9 қабат бар. Казино болған кезде қонақүй жоғарғы қабаттарда орналасқан. Ал қазір қонақ бөлмелері кеңселерге айналған.

Әкімдік өкілдері ғимарат салыстырмалы түрде арзанға шыққанын, яғни бір шаршы метрі 270 мың теңгеге алынғанын түсіндірген. Олардың сөзінше, мұндай баға Қонаевта жоқ. Ал билік жоспары бойынша қала жақын арада қазақстандық Лас-Вегасқа немесе Сан-Тропеге айналады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова