Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын Сириядан қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ҰҚК мәліметінше, оны қайтару бойынша гуманитарлық операцияға жарты жылдан аса уақыт кеткен.
Қазір бала Астананың балаларды қолдау орталығында.
"Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жуық арада ол туыстарына барады", - делінген хабарламада.
Жалпы, 2019 жылдан бастап ҰҚК өкілдері террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елге жеткізген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!