Бұрынғы жұбайының интим суреттерін таратып жіберген: БҚО-да ер адам ұсталды

Бұрынғы жұбайының интим суреттерін таратып жіберген: БҚО-да ер адам ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында интим материалдарды заңсыз таратқан күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталған.

"Ол - жәбірленушінің бұрынғы жұбайы. Күдікті WhatsApp мессенджері арқылы өзінің бұрынғы әйелінің интим суреттерін таратқан. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Соталды тергеп-тексеру аясында күдікті өз кінәсін мойындап, айғақтар берген. Тергеу барысында ұялы телефон тәркіленді.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзенде екі адам қызды бопсалағаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget