Желіде шашу шашамын деп жас баланың бетінен ұрып жіберген әжейдің видеосы тарады. Бейне "rusik111" Tiktok-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан ұлттық нақышта киінген әжейдің бір топ балаға қарай шашу шашпақ болғаны көрінеді. Бірақ қарт әйел кәмпиттерді қолына алған уақытта жас бала алдынан шыға келеді.
@rusik011 #рек ♬ оригинальный звук - Rustem
Видео Желі қолданушыларын әбден күлдірді, олар тіпті түрлі пікір қалдырған.
"Бұрынғы жігітінің немересі", "Кәмпит жеймін деп, шапалақ жеді ме?", "Енді бала кәмпит жеген сайын, апаның шапалағын есіне түсіретін болды ғой", "Бала енді шашу шашқанда алыстан қарап тұратын болады", "Апа осыдан кейін шашу шашпайтын болды", "Апамыз кәмпит таратамын деп шапалақ таратып жүр ғой", "Күлкіден өлдім-ау", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тіс пастасы неден жасалады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!