Бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талапқали Ізмұхамбетов қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін еліміздің бұрынғы денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, КСРО денсаулық сақтау үздігі Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов қайтыс болды", - деп жазылған ДСМ мәліметінде.
Талапқали Әбішұлы кәсіби қызметін хирург дәрігерден бастаған, содан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.
"Денсаулық сақтау министрлігі дәрігердің жақындары мен туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!