Бұрынғы чемпион Шавкатпен шайқасқысы келмейді

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы болған Леон Эдвардс Шавкат Рахмоновқа қарсылас болғысы келмейді, - деп хабарлайды msports.kz fighttime сайтына сілтеме жасап. 

Леон Эдвардс октагонға наурыз немесе сәуір айында оралғысы келеді. Ал қазір белінен алған жарақатын емдетіп жатыр екен.

33 жастағы спортшы шілде айында Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Белал Мухаммадқа төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп, чемпиондық белдігінен айырылған болатын. Белал болса, инфекциялық дертіне байланысты Шавкатпен кездесуден бас тартты.

Қазіргі уақытта UFC матчмейкерлері Шавкат Рахмонов пен Камару Усман арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Олар келесі айда уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салуы мүмкін.