Қазақстанның сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген Д. ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, Германияның құқық қорғау органдары іздеуде жүрген адамды анықтап, қамауға алған.
Tengrinews.kz дерегіне сүйенсек, ұсталған адам - Мақсат Дүйсенов.
Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғанын растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!