Бұрынғы әйеліне пышақпен барған: Шымкент тұрғынына іздеу жарияланды

Бұрынғы әйеліне пышақпен барған: Шымкент тұрғынына іздеу жарияланды
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысының полицейлері кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрмыстық жанжал салдарынан адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті бірнеше рет сотталған Шымкент қаласының тұрғыны. Ол балаларын көру үшін бұрынғы әйеліне барған. Ер адам мен оның бұрынғы әйелінің туысы екеуі арасында жанжал шығып, салдарынан әйелдің туысы пышақ жарақатын алған.

"Күдіктінің кім екені анықталып, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін желіде күдікті туралы және оған іздеу салынғаны туралы ақпарат тараған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан