ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері бұрынғы әйелін тірідей өртеп жіберген Қанат Садуов қай жерде жазасын өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, Садуов Абай облысындағы № 19 ҚАЖД мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
"Садуовқа сот үкімі бойынша тағайындалған мекеменің түрі-максималды қауіпсіздік мекемесі 2023 жылғы 17 наурыздағы "қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын түрлердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңды іске асыру шеңберінде өзгертілді бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуі тиіс", - дейді ведомство өкілдері.
Садуов қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа сотталғандармен бірге мекемеде жалпы негізде жазасын өтейтіні атап өтілді.
ҚАЖК мәліметінше, сотталған адам белгіленген мерзімнің 2/3 бөлігін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы. Ол тағайындалған 18 жылдың сегізін өтеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!