Бұрынғы әйелін қылғындырып өлтірген ақтөбелік сотталды

Бұрынғы әйелін қылғындырып өлтірген ақтөбелік сотталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бұрынғы әйелін қылғындырып өлтірген ақтөбелік сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратқан "Қ"-ға қатысты үкім шығарылды (ҚК-нің 99-бабының 1 бөлігі)

Сотпен анықталғаны:

"Қ" 2024 жылдың 01 ақпанында Темір ауданы Саркөл ауылында үй ішінде "С"-ні қолымен мойынынан қысып алып қылғындырып, оны қасақана өлтірген.

Тараптардың ұстанымы:

Сотта прокурор 11 жыл, ал жәбірленуші тарап қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындады.

Дәлелдемелер:

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың, сарапшылардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай деректермен дәлелденген.

Тағайындалған жаза:

Сот қылмыстық жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін мойындайтынын және оның бұрын сотталмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Сотталушының қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жай анықталған жоқ. Сот үкімімен сотталушы "Қ"-ні ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 20 000 000 теңге моральдық зиян, 318 062 теңге материалдық шығын өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина