Ринат Ибрагимов Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті. Бұған дейін оның әйелі оған айып таққан еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуінің өзін 11 жыл бойы ұрып-соғып, балаларын алып кеткенін мәлімдеген болатын.
Ал Ибрагимов болса, өзіне жала жапқанын айтқан еді.
Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, Ринат Ибрагимов Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті.
"Ол өз еркімен қызметінен кетті", - деп хабарлаған әкімдік Tengrinews.kz тілшісіне.
Ал Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуінің өмірін қадағаламайтынын айтты.
"Мен бұл жаңалықты естідім, бірақ ешқандай реакция болмады, біз сотты күтіп отырмыз, балалар әлі де онымен бірге тұрып жатыр. Қатты уайымдап жүрмін, - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!