Егде жасқа келіп, отау құрғандардың видеосы Желі қолданушыларын елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған видео авторының айтуынша, ерлі-зайыпты бұрын шаңырақ көтермеген. Видеода олар бір-біріне ант беріп, неке жүзігін тағады. TikTok-та бұл видео 417 мың қаралым, 10 мың лайк жинаған.
"Алланың қалауымен ауылымызда көптен күткен ұлы той! Ағамыз үйленіп, шаңырақ көтеріп жатыр", - делінген видеода.
@kuralay_bekilovna♬ оригинальный звук - Kuralay
Желі қолданушылардың бір бөлігі шаңырақ көтергендерді бұл қуанышты сәтпен құттықтап жатса, енді бірі егде жасқа келіп, той жасағанды дұрыс көрмейтінін жазған.
"Көп жастар түсінбейді. Үлкейген кезде қасыңа серік керек, өйткені олар жастарға керек болмай қалады. Бақытты болсын, бірге жасасын!" "Маған әлі мүмкіндік бар екен ғой", "Үйленсін, бірақ мұндай той жасау қажет емес еді ғой", "Дүркіретіп жасайтын жастан кеткен жандар ғой. Қарапайым шағын той жасағандары орынды болар еді. Әр нәрсенің өз уақыты бар ғой", "Бірге шаңырақ көтеру уақытқа да, жасқа да қарамайды. Үлкейгенде жалғыз қалу - қиын!" "Қандай әдемі жандар! Бақытты болсын", "Жандарым, бақытты болсын. Жалғыздық Алла ғана жарасқан", - деп жазған пікір қалдырғандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!