- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұрын ренжіткені есіне...
"Бұрын ренжіткені есіне түскен": Ақтөбеде ер адам әріптесіне екі рет пышақ сұғып алған
Ақтөбеде ер адам әріптесі бұрын ренжіткені есіне түсіп, мас күйде мойын тұсына екі рет пышақ сұғып алған. Шабуыл жасаған ер адам әріптесі мерт болды деп ойлап, кетіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.
Оқиға қаладағы Арынов көшесінде орналасқан цехте болған. Екі әріптес екі бөтелке ішімдік ішкен. Артынша біреуі әріптесінің бұрын ренжіткені есіне түсіп, оны шашынан ұстап, мойнына екі рет пышақ сұғып алған. Жарақат алған ер адам құлап, жерге жатып, өліп қалғандай кейіп танытқан. Ал шабуыл жасаған адам әріптесі мерт болды деп ойлап, оқиға орнынан кетіп қалған. Жарақат алған адам аман қалып, 112-ге хабарласып, көмек күткен.
Нәтижесінде 41 жастағы тұрғын адам өлтіруге оқталғаны үшін сот алдында жауап берген. Өзінің айтуынша, ер адамның әріптесін өлтіру ойында болмаған, оны қорқытпақ болған көрінеді. Алайда әріптесі жерге құлап түскенін көріп, өзі қорқып кеткен. Сонымен қатар, шабуыл жасаған адамның сөзінше, ол оқиға орнынан қашпаған, тек дүкенге шылым алуға кеткен екен. Ал қайтып оралған кезде оқиға орнында полицейлер жүрген.
Жәбірленуші айыпталушыны кешіргенін айтқан.
Алайда сот айыпталушы адам өлтіруге оқталғанын анықтап, 11 жылға бас бостандығынан айырған. Бұған дейін айыпталушы адам өлтіргені үшін темір торда жазасын өтеп шыққан екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина