Ақтөбелік отбасы үш жыл бұрын сатып алған баспанасынан айрылып қалғалы тұр. Себебі бұл үйді бұрынғы қожайыны қаржы пирамидасына салып жіберген екен. Сондықтан сот оны кері қайтаруға шешім шығарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"ТТБ-ғе барып анықтама алдық. "Енді кепіл де, ештеңе жоқ, аға, бұл үй таза" деген. Соған сеніп алдық. Ұйқымыздан айырылдық. Бала да шаршады. Еңбегіміз зая кетейін деп тұр", - дейді тұрғын Ғани Аткеев.
Жер үйде тұруды армандаған Ғани ақсақалдың қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі коттедж қаржы пирамидасына кепілге қойылып, екі рет сатылыпты. Соңғы рет Аткеевтер отбасы оны 24 миллион теңгеге сатып алған. Енді қаржы пирамидасын құрғандар ұсталғанда, бұл үйге тыйым салынған.
Қаржы пирамидасын құрғандар сотталып, жылжымайтын мүлік бұрынғы иесіне қайтарылсын деген сот шешімі шығарылыпты. Алайда ақсақал пирамидаға еш қатысымыз жоқ, адал ақымызға алған мүлкімізді тартып алмақшы деп ашынады. Тіпті бұларды сотқа шақырып, үй дауына араластырмаған. Соттағылар алғашқы талапкердің арызын ғана қанағаттандырғанын мойындайды.
"Ақтөбе №3 сотының шешімімен 2019 жылы талап қоюшы Т. және "Выгодный займ" ЖШС арасында, кейін ЖШС қызметкерімен талап қоюшының атынан жауапкер Н. арасында жасақталған тұрғын үй түріндегі жылжымайтын мүлікті сатыпалу туралы келісімшарттар жарамсыз деп танылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - дейді Ақтөбе №3 сотыың баспасөз қызметі өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!