Павлодар облысында бұрын жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушілер жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысында бір тәулікте патрульдік полицейлер бұрын жүргізуші құқығынан айырылған болса да көлік жүргізген екі мас жүргізушіні ұстады.
"Заря ауылындағы патрульдік полиция нарядының назарына Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі түсті, оның жүруі біздің қызметкерлерімізге күдік туғызды. Белгілі болғандай жүргізушіні 2023 жылдың қаңтарында сот көлік құралдарын жүргізу құқығынан жеті жылға айырған. Алайда бұл оған тағы бір теріс қылық жасауға кедергі болмады. Құқық бұзушы қайтадан рөлге отырды, ең жаманы – орташа мас күйінде. Ол осы әрекеті арқылы өзіне және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндірді", – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.
Сонымен қатар, Павлодардағы Малайсары батыр көшесіндегі тәртіп сақшылары мас күйінде скутер жүргізген жүргізушісін тоқтатты. Сот жүргізушінің 2021 жылдың желтоқсанында көлік құралдарын жүргізу құқығынан алты жылға айырылғанын анықтады. Екі жүргізушіге де медициналық куәландыру арқылы алкогольдік мас болу диагнозы қойылған. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!