- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұрын бес рет...
Бұрын бес рет істі болған тұрғын тағы да мешіт тонаймын деп ұсталып қалды
Ақмола облысында ер адам мешіттен садақа жәшігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасап.
Биыл 9 желтоқсанда Целиноград полиция бөліміне мешіт қызметкерінің ұрлық туралы хабарламасы келіп түсті. Ер адам 8-9 желтоқсан аралығында 21:30-дан 00:40-қа дейін белгісіз адамдар ғимараттың пластик есігін бұзып, сейфтен 649 мың 500 теңге сомасында ақша ұрлап әкеткенін хабарлады.
Тергеу-жедел тобы оқиға орнынан күдіктінің саусақ іздерін алып, қаскүнемнің сейф есігін ашу үшін қолданған құралдардың іздерін зерттеді. Бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, куәгерлерден сұхбат алды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады, ол бұрын мешіттерден ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қосшының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.
Бұл дерек бойынша полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша соталды тергеу бастады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек