“Бұрын бәрі ауыратын“. 70-тен асқан кейуананың әсерлі хикаясы

Спортзалда зілтемір көтеріп жүрген зейнеткерді жиі кездестірмейсіз. Бірақ Рошни Деви 70-ке жеткен шағында бәрін таңғалдырып, өзгелерді ынталандырып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап. 

Үндістандық Рошни Деви спортзалдан қалмайды. Ол үшін жас - құжаттағы цифр ғана. Бірақ ол тек жүгіріп немесе велотренажер теппейді, айналдырумен шектелмейді. 70 жастағы әйел алып күшке ие. Жаттықтырушысының бақылауымен ол аяқпен 120 келіні, 75 келілік штанганы оңай көтереді.

Әбден әлсіреп қалған еді

Рошниді спортзалға баруға ұлы шабыттандырған. Бірнеше жыл бұрын ол денсаулығына шағымданып, артриттен зардап шегіп, арқасынан ауыр жарақат алған еді.

"Дәрігерлер жағдайымның жақсаруы мүмкін емес деді, бірақ ұлым спортзалға бару керегін айтты. Ол көмектесетінін айтты. Алғашында қарсы болдым. Бұл жаста спортзалға кім барады?! Бірақ біртіндеп күшейе бастадым. Қазір жеңіл қозғалып, отбасым үшін ас дайындап, храмға барып жүрмін және жаттығуларымды асыға күтемін. Спортзал денемді қалыпқа келтіріп қоймай, өмірімді жандандырды. Екі жыл өтті, енді жас болып қалу - менің таңдауым", - дейді Рошни Деви әлеуметтік желідегі жазбасында.

Әлеуметтік желі

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!