Бурятиядағы Ирокинда кенішінде қар көшкіні салдарынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бары анықталды. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 сәуірде Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан Қазақстанның 1990 жылы туған азаматы А.Тицкий қаза тапқаны туралы ресми ақпарат түскен.
Қайғылы оқиға Бурятия Республикасының Муя ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде болған. Қар көшкіні астында алты адам қалып қойған.
"Қазақстан елшілігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Ресейдің құзыретті органдарымен тікелей байланыста", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұл оқиға 28 сәуірде болған. Төтенше жағдай кезінде жолды тазалауға тоғыз жұмысшы жұмылдырылған. Үш адам өздігінен шығып үлгерсе, алты адам қар астында қалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!