Бұршақ түседі, дауыл тұрады: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет алдағы үш күнге Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана

23 тамызда күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Температура түнде 14-16, күндіз 16-18 градус жылы болады.

24 тамыз синоптиктер күн райы құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады деп болжайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Термометр бағаны түнде 10-12, күндіз 21-23 градусты көрсетеді.

25 тамызда күн құбылмалы болып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Алматы

23 тамызда синоптиктер күн райы құбылмалы болады, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжайды. Оңтүстік-батыс, батыс бағытынан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, екпіні секундына 11 метр. Температура түнде 18-20, күндіз 29-31 градус болады.

24 тамыз күн райы құбылмалы болып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы болады.

25 тамызда күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15-20 метр. Термометр бағаны түнде 16-18, күндіз 25-27 градусты көрсетеді.

Шымкент

23 тамызда күн құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы болады.

24 тамыз синоптиктер күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз өтеді деп болжайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Температура түнде 20-22, күндіз 31-33 градус болады.

25 тамызда күн құбылмалы болып, жауын-шашынсыз өтуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде термометр бағаны 15-17, күндіз 33-35 градусты көрсетеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!