Синоптиктер Қазақстанда 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және атмосфералық фронталь бөліктердің әсерінен алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
27 маусымда республиканың солтүстік-батысында, 27-28 маусымда солтүстікте және шығыста, 29 маусымда батыста қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
"Елде бұршақ жауып, дауыл және жел күшейеді деп болжанады. Температура күрт өзгермейді, ауа райы салқын болады", - деді синоптиктер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!