- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бұрмалап алыпсыздар". Нұржан...
"Бұрмалап алыпсыздар". Нұржан Керменбаевтың жаңа әні сынға қалды
Танымал әнші Нұржан Керменбаевтың басы дауға қалды. Желі қолданушылары өнер иесінің жаңа әнін сынап тастады. Әнші оқырмандарына жауап қайтарып, әніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің жаңа Qazaqsha disco әні қызу талқыға түсті. Оның қайырмасында "Күйеуге тиме! Күйеуге тиме! Дей ме, біреулер әлде?" деген жолдар бар. Қазнеттегілер әнді сынап тастады. Нұржан Керменбаев әлеуметтік желідегі парақшасында әннің негізгі идеясын түсіндірді.
"Қыздар, күйеуге шығыңдар. Отбасылы болыңдар! Жалпы қыз баланың басты мақсаттарының бірі сол деп ойлаймын. Ер адамдардың да. Біз ешқашан, еш жерде "күйеуге тиме" деген насихат айтқан жоқпыз. Автордың бейнелеуінше, жігіт қызға сөз салады. Сол кезде қыз арманымен, қиялымен екі ойлы болып тұрады. Осы кезде жігіт қыздан "Құрбыларың немесе біреу саған күйеуге тиме деп жүр ме?" деген сұрақ болған. Сіздер керісінше бұрмалап алыпсыздар. Негізі біздің айтқымыз келгені мүлде басқа. Сіздердің бұрмалап алғандарыңыз мүлде бөлек", - деді өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек