Қазақстанның 14 өңірінде бұрқасын, тұман және көктайғаққа байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с болады.
Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ. Батыстан жел соғады, түнде екпіні секунды 18-23 метрге, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында секунды 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с болады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын.
Шымкентте таңертең және күндіз кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с болады.
Астанада таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні - 23-28 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады.Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!