Бұрқасын боран мен тұман: Астана мен Алматыдағы 3 күндік ауа райы

"Қазгидромет" Алматы мен Астана қалаларындағы 10-12 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласындағы ауа райы

10 қаңтар - Астанада құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, кейде екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -10...-12°C, күндіз -6...-8°C суық болады.

11 қаңтар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде -10...-12°C, күндіз -6...-8°C.

12 қаңтар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде -12...-14°C, күндіз -5...-7°C.

Алматы қаласындағы ауа райы

10 қаңтар - Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -10...-12°C, күндіз -0...-2°C.

11-12 қаңтар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде -8...-10°C, күндіз +0...+2°C жылы болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!