Бұралқы иттер өлтіріледі: Мәжілісті заңды қарауға алды

Бұралқы иттер өлтіріледі: Мәжілісті заңды қарауға алды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс жалпы отырысында депутаттар бұралқы иттер мен иесіз қалған жануарларды өлтіруді көздейтін заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Еділ Жаңбыршин "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын маңызды тұсын түсіндірді. Құжат Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген.

Заңда мынадай нормалар бар:

  • Жануардың иесіне оны далаға тастамай, уақытша ұстау орнына өткізуді міндеттеу;
  • Жануарлар агрессия танытып, шабуыл жасаған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың осындай оқиғаларға шұғыл ден қою шараларын ұйымдастыру міндетін белгілеу;
  • Жануарларды есепке алудың бірыңғай электронды базасын орталықтандыру;
  • Жануарды уақытша ұстау орнына орналастырғанға дейін жануардың иесіне одан бас тартуға тыйым салуды белгілеу;

Еділ Жаңбыршин заңда бұралқы иттер мен иесіз қалған жануарларды өлтіруді көздейтін норма барын атап өтті.

"Ауруға шалдыққан, агрессия көрсететін, зооқорғаныс ұйымдары мен өзге де тұлғалар тарапынан орнастырылмаған және талап етілмеген жануарлардың санын реттеу үшін, егер олар бұралқы иттер болса 15 күн ішінде, ал олар қараусыз қалған жануарлар болса, 60 күн ішінде эвтаназия қолдану. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді Еділ Жаңбыршин.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заң жобасын тезірек қарауға тапсырма берді.

"Еділ Терекбайұлы, маңызды заң жобасын жұмыс тобында қарап, тездету керек", - деді ол.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz