Павлодардан Бурабайға демалысқа барған балалар үйінің тәрбиеленушілері ауруханадан бір-ақ шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маусымның 30-нан бастап балалар Edelweiss borovoe балалар сауықтыру орталығына демалуға барған.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, он баланың бәрі Щучинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған.
"7 шілде күні шамамен 11:30-да он балаға диагноз қойылып, бәрі Щучинск қаласындағы көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Қабылдау бөлімінде балаларды инфекционист және отоларинголог мамандар қарап, мұрыннан бактериологиялық зерттеуге, ал менингококкқа тамақтан жұғынды, ротавирус және энтеровируске, сондай-ақ COVID-19-ға анализдер алынып, жалпы қан талдауы жасалды. Екі балаға көкірек қуысына рентгенографиясынан өтті. Үш балаға бұлшықетішілік дәрі беріліп, қалғандарына пероралды антибиотиктермен тамақты шайылды", - деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Абзал Алпысбайұлы
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз