- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бурабайдағы қонақүйден 106...
Бурабайдағы қонақүйден 106 адам эвакуацияланды
Фото:
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Бурабайдағы қонақүйден өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі 3 қабатты "Алматы" қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт өрт шыққан.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 12:35-те оқшауланып, 13:00 сөндірілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан