Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай ұлттық паркіндегі кептеліс мәселесін қалай шешетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ өкілі министрге "Жазда Бурабайға кіру мүмкін емес.Жолдары тары әрі кептеліс болады. Адамдар көлік қоятын жер таппайды. Бурабайды инфрақұрылымдық жағынан дамыту жоспары бар ма?" деп сұрақ қойды.
"Биыл 500 автотұрақ ашылды. Енді жоспар бойынша 3000 мың автокөлік тұратын жер бөлінді. Бүгінгі таңда ұлттық парктің жолын кеңейту қиынға соғады, себебі кеңейткен кезде жолда ағаштар мен өсімдіктер бар... Сондықтанда бұл мәселені талқыланып жатырмыз.
Егер автортұрақтар жеткілікті болатын болса, біз экологиялық таза көліктер арқылы туристерді тасымалдауды көздеп отырмыз", - деді Марат Ахметжанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз